⚜️⚜️Тіл - кемел болашақ тұғыры⚜️⚜️ атты мәнерлеп оқу байқауы
Шоқпар ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай, Тіл - кемел болашақ тұғыры атты мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылып, өткізілді. Мәнерлеп оқу байқауына мектебіміздің 6 сынып оқушысы Абдуаш Асанай және 3 сынып оқушысы Абдуаш Шұғыла қатысып алғыс хаттармен марапатталды.
Мақсаты - мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, Қазақстандағы ұлттар мен ұлыстардың тілдерін құрметтеуге баулу, жас ұрпаққа көптілділіктің маңызын түсіндіру, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.