"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп директоры Сатыбалды Солтыбаевтың ұйымдастыруымен 9-11 сынып білім алушыларына мектептің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес, сағат 20:00-ден кейін кешкі уақытта жүрмеу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы қараусыздық пен қаңғыбастықтың, құқықбұзушылықтың алдын алу. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан, қатыгез қарым-қатынастан және қоғамға жат ықпалдардан қорғау шаралары түсіндірілді.