Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все записи блога

    ⚜️⚜️Мектептегі құқықтық тәрбие жұмысын жақсартудағы, мектеп әкімшілігінің рөлі⚜️⚜️ тақырыбында аудандық семинар


    🔰«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 18 сәуір күні ⚜️⚜️Мектептегі құқықтық тәрбие жұмысын жақсартудағы, мектеп әкімшілігінің рөлі⚜️⚜️ тақырыбында аудандық семинар өтті.
    📌Мақсаты: Құқықтық сананы қалыптастыру, әлеуметтік тәртіп пен әділеттілікті нығайту, сонымен қатар оқушылар мен мұғалімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру;
    📌Міндеті: Оқушылар мен қызметкерлердің құқықтық мәдениетін көтеру, тәртіпті және қауіпсіз оқу орнын қамтамасыз ету, құқықтық білім беруді жүйелі әрі үйлесімді түрде өткізу.
    ♻️ Білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскерлері 💎💎💎Инкибаева Индира Бурабайқызы, 💎💎💎Анапиянова Шолпан Адильжановна және мектеп директоры 💎💎💎Солтыбаев Сатыбалды Орикбаевич семинардың ашылу салтанатымен құттықтады.
    ♻️Мектеп психологы Ш.Б.Темирбекова «Мұғалім – мектеп жүрегі, көңілді жүрсін үнемі!» атты тренинг жүргізді. 7 сынып оқушыларының сынып жетекшісі М.М.Бодаубайдың ұйымдастыруымен «Бала және оның құқығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 9 сынып оқушыларының сынып жетекшісі С.С.Телеубаеваның ұйымдастыруымен
    «Егер сіз желіде қорқытуға тап болсаңыз тақырыбында шеберлік сағатын өтті. 10 сынып оқушыларының сынып жетекшісі С.К.Чалбаева «Құқық бұзушылықтың алдын алуда мектептің рөлі» тақырыбында тренинг сабақ өтті. 8 сынып оқушыларының сынып жетекшісі С.Д.Жайсанбек «Құқықтық сауаттылық заман талабы» тақырыбында пікірсайыс өткізді. Педагог- психолог Ш.Б.Темирбекованың ұйымдастыруымен «Жасөспірім және заң» тақырыбында коучинг өткізді.
    ♻️Семинар соңы концерттік бағдарламаға ұласты. Қорыта келгенде, іс-шара өткізген ұстаздар алғыс хаттармен марапатталды.
    18.04.2025
    0



    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру