🔰"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ТӘРБИЕ бөлімі мен сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 2-9 сыныптар арасында «Достығымыз жарасқан!» тақырыбында фестиваль өтті. 🎯Мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта балалардың достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу. Оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. ♻️Іс-шара барысында барлық сыныптар ұлттарға бөлініп, сол ұлттың салт-дәстүрін, биін билеп, әртүрлі тілдерде құттықтауларын айтты.