"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, "Қыз Жібек" қыздар ұйымының жұмыс жоспарына сәйкес, ақпан айында 6-8 сынып оқушы қыздары арасында Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі тақырыбында кездесулер өткізді.
Әлеуметтік педагог А.М.Бодаубай «Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі» тақырыбында баяндама оқыды. Біздің мақсатымыз әдет-ғұрыпты қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана, ақбосағаның аруы, шаңырақтың құт берекесі екенін ұғындыру, сыпайылыққа, мейірімділікке, тәрбиелеу. Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз. Осы мәселе бойынша жоғары сынып оқушыларына сұрақтар беріліп, сұрақтарға жауап алдық.
Педагог-психолог Ш.Б.Темирбекова отбасы мен мектеп арасындағы ықпалдастықты арттыруға бағытталған «Қызым саған айтамын...» тақырыбында қыздарға кеңес беріп, тренинг жаттығуларын жасады.
Қорыта келе, «Қыз Жібек» қыздар ұйымының жетекшісі М.М.Бодаубай өз сөзінде бесігінде жақсы тәрбие алған қыз, өнеге көрген қыз бала болашақта сол әдебін сақтамақ. Бүгінгі қоғамның міндеті – адамгершілігі мол қыз тәрбиелеу екендігін айтты.