Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все записи блога

    «Мектептегі бопсалаудың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары


    🔰"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тәрбие бөлімінің және Шу АПБ-нің ЖПҚБ ЮПБ полиция лейтенанты Н.К.Кумековтың ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылары арасында «Мектептегі бопсалаудың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
    📌Мақсаты: Оқушылар арасында кездесетін топтық төбелестің, бопсалау, буллингтің, кибербуллингтің не екенін және айырмашылығын түсіндіру, кибербуллингтің салдарынан туындайтын қиыншылықтың алдын-алу. Буллинг, кибербуллинг туралы ақпаратты кеңейту. Оқушыларға кибербуллингке байланысты мысалдар келтірілді. Оқушыларға кибербуллинг пен буллинг бойынша заңнама жүзінде Конституцияның баптары мен Конвенция бойынша ақпараттармен танысты. Тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтарға жауап берілді. Бопсалау дегеніміз не екенін және оның артында қылмыстық жаза тұрғанын түсіндірді. Бопсалау – балаға зорлық не тән жарақатын салу қаупін қосқанда, қысым жасау не мәжбүрлеу арқылы заңсыз ақша мен мүлік талап ету және алу түрінде көрінетін қылмыс екенін айтты.
     
    23.10.2024
    0



    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру