Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мектепішілік форумы
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25 қазан - Республика күні мерекесі қарсаңында, Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының мектепішілік форумы өткізілді.
Еліміздің нағыз патриоттарын, еңбекқұмар, білімге құштар, салт - дәстүріміз бен адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін жас жеткіншектерді, отансүйгіш ұландарды тәрбиелеу мақсатында, Республикалық Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына 5 а және 5 ә сынып оқушыларын қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Іс-шара барысында мектеп әкімшілігі, ұстаздар Жас Ұландықтарға төс белгі тағып, галстук байлады.