Құрметті, Телеубаева Сәуле Сейдехашовна! Сізді айтулы – 60 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізді бәріміздің қамқоршымыз, шәкірттеріңіздің жылы жүректі ұстазы болғаныңызды мақтан етеміз! Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, салиқалы салмақты ақылыңызбен тәрбиеңізге мың алғыс! Сіздің біліміңіз, жоғары жауапкершілік пен біліктілігіңіз әріптестеріңізді тәнті етеді. Бүгінгі айтулы күнде сізге зор денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр, сәтті істер, қажымас жігер және қызметіңізде тың табыстар тілейміз! Шаңырағыңызда және туған-туыстарыңызда береке-бірлік, ырыс-ынтымақ бола берсін!