"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 5 қазан - Мұғалімдер күні мерекесіне орай, ТӘРБИЕ бөлімінің ұйымдастыруымен
Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік!
тақырыбында ұстаздарға арнау кеші ұйымдастырылып, өткізілді. Мерекелік іс-шараға мектебіміздің ұлағатты ұстаздары мен оқушылары, ардагер ұстаздарымыз қатысты. Мектебіміздің директоры
Сатыбалды Солтыбаев ұстаздарды кәсіби мерекемен құттықтады. Кәсіби мереке қарсаңында жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға, мектеп ұжымына, ардагер ұстаздарымызға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетіп, ұстаздарға жылы тілектері мен алғыстарын білдірді. Оқушылар ән айтып, би билеп, күй тартты. Жиылған қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады. Оқушылар өздерінің ұстазға деген сүйіспеншілігі мен сөздерін білдіріп, өнерлерін көрсетті.
«Ұстаздық етпес жалықпас, үйретуден балаға» - деген ұлы Абай атамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге өлшеусіз. Сіздер - жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті - жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
@oqu_agartu_ministirligi