Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебінде педагогикалық ұжыммен және ата-аналармен қазіргі қоғамды алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі-балаларымыздың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі тақырыбында жалпы жиналыс өткізілді.
Осы күндері балалар мен жасөспірімдерді басқара алатын және оларды психикалық және физикалық қауіп-қатерге душар ететін қауіпті онлайн ойындар мен топтардың саны артты.
Бізді алаңдататын нәрсе–балалар әлеуметтік желілерде түрлі жағымсыз жағдайларға тап болады, кейде тіпті өз өмірлеріне қауіп төндіреді. Бұл отбасы үшін ғана емес, бүкіл қоғам үшін қайғылы жағдай.
Әрбір ата-ана балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды әлеуметтік медиа мен интернеттің зиянды әсерінен қорғауы тиіс.
Біздің бірлескен жұмысымыз өз жемісін беруі үшін , баланың болашағы үшін қажетті шешімдер қабылдап, жұмыла жұмыс жасауға шақырамыз.