Мектебімізде "Біртұтас тәрбие" бағдарламасының негізінде 4 “Ә” сынып жетекшісі бастауыш сынып ұстазы А.Б.Туешиеваның ұйымдастыруымен “Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі” тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізді. Жиналыс барысында аналармен ой қозғау мақсатында алуан тақырыптарда жағдаяттар айтылды. Ата-аналармен “Амандасу” жаттығуы жүргізді. Сонымен қатар, жиналыс барысында бала қауіпсіздігі, ішкі тәртіп ережелері, мектеп формасы жайлы айтылды.