"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагог-психолог Ш.Б.Темирбекова, әлеуметтік педагог А.М.Бодаубай, аға тәлімгер С.С.Телеубаева, педагог ұйымдастырушы М.М.Бодаубайдың ұйымдастыруымен 5-8, 9-11 сынып оқушыларымен «Буллинг және Кибербуллинг туралы түсінік беру» тақырыбында алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: «Интернет желісіндегі шабуыл және одан қорғану. Мектеп оқушылары арасындағы әлімжеттік және бопсалаудың алдын – алу» бойынша түсінік беру.
Сондай-ақ, мектеп оқушыларының желідегі қауіпсіздігін алдын алу мақсатында “Schoolboy”, “runaway” атты ойындарын ойнамау керектігі жайлы ескертті.