⚜️⚜️Отбасы-бақыт мекені⚜️⚜️ тақырыбында сурет байқауы және фотоколлаж байқауы
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагог ұйымдастырушы М.М.Бодаубайдың ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай және “Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубының жұмыс жоспарына сәйкес 6 сынып оқушылары арасында Отбасы-бақыт мекені тақырыбында сурет байқауы және фотоколлаж байқауы өтті.
Мақсаты: Бала бойына осы байқау арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату. Отбасы мүшелері арасындағы сыйластықты, сүйіспеншілікті нығайтуына ықпал ету.⠀
Байқауға қатысқан барлық оқушылар отбасылық фотолардан коллаж жасап белсенділік танытты.