«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми - практикалық орталығының ұйымдастыруымен “Шерхан оқулары” байқауы өтті.
Мақсаты: Қазақтың халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ш.Мұртазаның сан қырлы шығармашылығы мен қайраткерлік тұлғасын өскелең ұрпаққа кеңінен мазмұндап, егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетіне үлес қосу.
”Шерхан оқулары” байқауының аудандық кезеңіне мектебіміздің 9-сынып білім алушысы Асқарбек Мейірім қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы С.К.Чалбаева