⚜️⚜️Патриотизм даусы⚜️⚜️ Мемлекеттік Әнұранды жаппай орындау
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 25 қазан - Республика күні мерекесіне Патриотизм даусы Мемлекеттік Әнұранды жаппай орындау мақсатында 1-11 сынып білім алушылары мен ұстаздары Мемлекеттік Әнұранды орындады.
Әнұран - басты мемлекеттік рәміздердің бірі. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биікте тұрғанда Әнұранды орындау біз үшін үлкен мәртебе. 25 қазан - Республика күні құтты болсын!