«Тәжірибелік психология» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен ⚜️⚜️Салауатты ата-ана мәдениеті⚜️⚜️ аудандық байқау
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Тәжірибелік психология» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен Салауатты ата-ана мәдениеті атты ата-аналар арасында ұйымдастырылған аудандық байқауда мектебімізден АРЫНОВТАР отбасы қатысты.
Мақсаты: балаларды үйлесімді тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін, құқықтық және мәдени сауаттылығын арттыру және қалыптастыру. Байқау нәтижесінде әрбір жанұя отбасылық құндылықтарды, рухани-адамгершілік қасиеттерді бала бойына қалауға дайын тәжірибені қолдануға жағдай жасау, ата-аналар мен бала арасындағы ашық ынтымақтастық моделін қалыптастыру; ата-ана мәдениетін жетілдіруде жаңа идеяларды іздеу.
Отбасылық байқауда 6 кезең бойынша сайысқа түсіп, бақ сынасты. Байқау нәтижесі бойынша АРЫНОВТАР отбасы “Көңілді ата-ана” номинациясына ие болып, 5000 теңге сертификат табысталды.