"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аға тәлімгер Г.К.Калисаеваның ұйымдастыруымен 7-11 сынып аралығында 21 қазан күні оқушылардың Өзін-өзі басқару ұйымының мектеп Парламентінің президенті сайлауы өткізілді. Сайлауға 7-11 сынып оқушылары арасында 6 үміткерлер сайлауға түсті. Сайлау "GOOGLE - FORMS" платформасы арқылы онлайн түрде өткізілді. Сайлау қортындысы платформада автоматты түрде анықталды. Дауыс беру қорытындысы бойынша үміткер Оңғарбай Жансерік 37.2% дауыс жинады. Сайлаушылардың ең көп дауысын жинаған 7 сыныптын белсенді білім алушысы Оңғарбай Жансерік мектеп Парламентінің президенті болып сайланды.