"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Нашақорлыққа күрес және оның алдын-алу жұмыстарының іс-шара жоспарына сәйкес ТӘРБИЕ бөлімінің ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында Нашақорлыққа жол жоқ!тақырыбында алдын алу жұмыстары, дәріс өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға әлемді алаңдатып отырған нашақорлық, СПИД, арақ, темекі сияқты зиянды әрекеттердің белең алып бара жатқандығын ескерте отырып, оны болдырмаудың алдын – алуға тәрбиелеу. Оларды жаман әдеттерден сақтандыру. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту және тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру.
Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, сабаққа белсене қатысты. Арнайы бейне роликтер көрсетілді. Ескерте келе есірткіге қарсы екендігі және мүлдем тұтынбай, салауатты өмір салтын ұстану керектігі туралы мәліметтер берілді.