Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все записи блога

    “Кибербулингтің зардаптары”, “Балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігінің алдын алу” тақырыптарында профилактикалық түсіндірме жұмыстары


    🔰"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9-11 сынып білім алушыларымен мектеп психологы Ш.Б.Темирбекова және әлеуметтік педагог А.М.Бодаубайдың ұйымдастыруымен жасөспірімдердің кибербулинг пен буллинг және киберқылмыстың алдын алу мақсатында “Кибербулингтің зардаптары”, “Балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігінің алдын алу” тақырыптарында профилактикалық түсіндірме жұмыстарын, алдын алу жұмыстарын жүргізді.
    🎯Мақсаты: Қоғамда орын алып отырған жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию секілді жағдайлардың алдын алу;
    Білім алушылардың буллинг, кибербуллинг туралы жалпы түсінігін қалыптастыру арқылы жауапкершіліктерін арттыру, өзара сыйластық қарым-қатынасын орнату;
    ♻️ Түсіндірме жұмысы барысында білім алушыларға бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтар берілді. Жасөспірімдер арасында белең алып отырған тәртіпсіздіктерден сақтану жолдары айтылып, жағдаяттар ұсынылды. Тренинг өтті.
    🔹Буллингпен қоса жүретін Кибербуллинг (электрондық кеңістікте қудалау, онлайн қатыгездік) – бұл өзін-өзі қорғай алмайтын құрбанға қарсы бағытталған, электрондық жолмен әрекеттесу жолдарын қолданумен жалғыз немесе бір топ адам жүзеге асыратын ұзақ уақыт бойы жүйелі қуадалаудың, қасақана агрессияға толы әрекеттердің бір түрі. Бұл смс-хабарламалар, әлеуметті желілер, абыройды төгетін веб-парақшалар ашу немесе тіл тигізетін бейнеконтент жариялау арқылы, т.б. жолдармен жасалатындығы түсіндіріліп, интернет желісін қолдану шарттары айтылды.
    @oqu_agartu_ministirligi
    14.11.2023
    0



    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру