"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қыз Жібек» қыздар ұйымының жұмыс жоспары бойынша 11-қазан Халықаралық қыздар күніне орай Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен акция өтті. Акция барысында сынып жетекшілер «Қыз болашағы-ел болашағы» тақырыбында тәрбие сағаттарын өтті. 6-8, 9-11 сынып қыздарының қатысуымен «Қызға нәзіктік жарасады» тақырыбында дебат өтті. Пікірталас барасында оқушы қыз балаға байланысты мақал-мәтелдер айтып жарысты. Сонымен қатар “Қыз бала - ұлттың ұяты, халықтың шырайы” тақырыбында баяндама оқылды.