11 сынып білім алушылары мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдерінің, сынып жетекшілердің орнын алмастырып сабақ жүргізді. Мектеп директоры қызметін 11 сынып білім алушысы
Төлеген Темірлан жоғары деңгейде жүргізіп, мектепті басшылыққа ала білді. ДОІЖО қызметін 11 сынып білім алушысы
Жұмахан Зере атқарды. Мұғалімдердің сабақтарының жоғары деңгейде өткізілуін қадағалап, өз қызметтерін жоғары деңгейде атқарып шықты. ДТІЖО қызметін 11 сынып білім алушысы
Молдаханова Жамиля атқарып, мектептің ішкі тәртібін өз бақылауына ала білді. Білім алушылардың сабақ жүргізуі яғни, өзін-өзі басқарулары өте жоғары деңгейде өтті. Атап айтсақ, 11 сынып білім алушысы 4 “а” сынып жетекшісі болып,
Аманжол Дайана және 4 “ә” сынып жетекшісі болып
Көшкінбай Альфия балаларға сапалы білім бере білді. Сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, сабақ жүргізді. Математика пәнін 11 сынып білім алушысы
Доғдырбай Сезім өткізді. Жаңа сабақты өткізу барысында миға шабуыл, «Эстафета» әдістерін пайдаланып топтық сабақ жүргізді. Балалар сабаққа белсенді қатыса білді. Дене шынықтыру пәнін 11 сынып білім алушысы
Әбдіқалық Елдар өткізіп, балаларды дене шынықтыру пәніне деген қызығушылықтарын арттырып, сабақты қызықты әрі жақсы деңгейде өткізді. Қалған пән мұғалімдердің орнын алмастырған білім алушыларда сабақтарын жоғары деңгейде жүргізіп, балалармен жұмыс жасай білді.