«Ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулық» тақырыбында түсіндірме жұмыстары
"Қыз Жібек" қыздар клубымен жұмыс
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде педагог-психолог Ш.Б.Темирбекованың, мектеп медбикесі Н.Н.Камелединованың, Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен
салауатты өмір салтын қалыптастыру және мектеп жасындағы қыз балалалар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында 9-11 сынып білім алушыларымен «Ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулық» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мектеп психологы Ш.Б.Темирбекова психологиялық кеңестермен бөлісті.
Әңгіме барысында қыздар өздерінің ойларындағы сұрақтарын қойып, сұрақ-жауап, пікір алмасуға ұласты. Қыздармен әңгіме өз деңгейінде өтіп, қыздар өздеріне қажетті мағлұматтар алды.
Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, қыздар төрайымы қыздармен тығыз байланыс жасап, жұмыстар жүргізілуде.