1-4 сынып білім алушылары "Бір мезгіл ыстық тамақ"
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023-2024 оқу жылында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылдың кыркүйек айының 1-нен бастап 1-4 сынып білім алушылары үшін бір мезгіл ыстық тамақ ұйымдастырылуда. Мектеп асханасына қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. 2023-2024 оқу жылында мектеп асханасына кезекшілік кестесі құрылып, белгіленген уақыт бойынша білім алушылар уақытында тамақтанады. Мектеп оқушыларының тамақтану мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпараттық және тәрбие жұмыстары, сынып сағаттары, сыныптан тыс шаралар өткізлуде.