«Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» оқыту семинары
Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар және оны іске асыру жоспары» бойынша семинар өткізілді.
Мақсаты: бағдарлама ұлттық құндылықтарды негізге ала отырып, ел бірегейлігін нығайтуға, әділетті қоғам құруға білімді, адал ұрпақты тәрбиелеуді көздейді. Семинар барысында 2023 – 2024 оқу жылындағы тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері мен негізгі бағыттары бойынша мәселелер талқыланды.
Тәрбие-ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Еліміздің өркендеп дамуы үшін халқын сүйетін, мемлекет мүддесін жоғары ұстайтын, білімді де адал ұрпақ тәрбиелеу аса өзекті мәселелердің бірі ретінде үнемі назарда ұстауды қажет етеді.
Біз ұрпақ тәрбиесіне баса мән беріп, жастарды жақсылыққа жетелеуіміз керек.