“Конго Қырым геморрагиялық қызбасы деген не?” түсіндірме жұмыстары
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мектеп медбикесі Н.Н.Камелединова және Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 1-11 сынып білім алушыларымен “Конго Қырым геморрагиялық қызбасы деген не?” тақырыбында алдын алу, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Білім алушыларға КҚГҚ белгілері, жұқтыру жолдары, кенені алып тастаудағы әрекет, сақтану жолдары туралы түсіндірілді.
Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары:
- кене ауруларының алдын алудың ең жақсы жолы – кене шағуының алдын алу;
- шөпке отыруға немесе жатуға болмайды;
- кененің шағуын болдырмайтын арнайы жабық киім киген жөн, қалпақты кобинезон шалбар, шұлық, манжетті жеңі бар көйлек;
- кене жеңіл көрінетін ашық түсті киім кию қажет;
- кенені қолмен ұстамаңыз, алып тастаған жағдайда әрқашан қолғап киіңіз;
Есіңізде болсын! Кене шағуы аса қауіпті инфекцияның – Қырым геморрагиялық қызбасының даму мүмкіндігімен қауіпті.