"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тарих пәнінің ұстазы Д.М.Садвакасовтың ұйымдастыруымен 7 сынып білім алушыларымен "Менің бақытты отбасым" тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылып, өткізілді.
Мақсаты: Білім алушыларға отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық қатынастарын нығайту, ата-анасын сыйлай білетін азаматтар тәрбиелеу, отбасы құндылықтарын арттыру. Ананың ыстық алақаны, әкенің асқар таудай биік тұлғасын зерделі ой-мақсатын кейінгі ұрпаққа жалғастыру.
15 мамыр - Халықаралық отбасы күні. Атаулы күн 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған.
Отбасы - сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Отбасының аман-саулығы әрбір елдің дамуы мен келешегінің өлшемі деп білеміз.