Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 қазандағы №307 “2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу”
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 12 қазандағы №307 “2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу” туралы бұйрығының негізінде жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 білім алушыларына арналған ауыл мектептері үшін ұйымдастырылған олимпиаданың ашылу салтанаты өткізілді. Ашылу салтанатының құрметті қонағы ретінде Шоқпар ауылдық округі аппаратының бас маманы Шимаханова Ғалия Жұмабекқызы қатысып, білім алушыларға сәттілік тіледі.
Олимпиаданың өткізілу барысы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.