Меню KDT

logo7.png?_=1

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің «Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі» КММ
  • kz
  • ru
  • Все записи блога

    PISA-2023 халықаралық зерттеуі


    🔰"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ⏰2023 жылдың 24 қараша күні PISA-2023 халықаралық зерттеуі өтті. PISA-білім беру саласындағы ең ауқымды халықаралық зерттеуінің бірі. Бұл зерттеуге мектептен барлығы 10 білім алушы қатысты.
    ✨✨PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің әрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі. Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
    ✨✨PISA — (Programme for International Student Assessment) оқушылардың білімі мен біліктілігін бағалаудың халықаралық бағдарламасы.
    ✨✨PISA негізінде — бұл өмірде кездесетін ситуацияларды шешуге қатысты пәндік білімін, біліктілігін, дағдысын жинақтап көрсетуге бейімділігі. Бұл 15 жастағы оқушының құзырлылығының даму деңгейін анықтауға арналған диагностикалық құрал. Бұл жаста көп елде мектептегі міндетті білім тәмамдалады. PISA халықаралық зерттеуі барлық білім беру ұйымдарындағы 15-жастағы оқушылардың оқу, математика және жаратылыстанудан білім жетістіктерін анықтауды мақсат етіп қояды. Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі. Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар аударылады.
    ♻️ Халықаралық зерттеуді жүргізу үшін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің білім үдерісін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі, облыс үйлестірушісі-Жамалбекова Шафиға Мамырханқызы келді. Мектеп оқушыларының дайындығына жақсы баға берді. Мектеп директоры С.О.Солтыбаев PISA-2023 халықаралық зерттеуінен өткен оқушыларды алғыс хатпен марапаттады.
    28.11.2023
    0



    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Рухани жаңғыру