"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ТӘРБИЕ бөлімі және АӘД пәнінің ұстазы Қ.Б.Махмуттың ұйымдастыруымен, балалар мен жасөспірімдердің темір жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында тәжірибелік жаттығулар өткізілді. Сонымен қатар, білім алушыларға қауіпті аймақтан сақтану жолдары түсіндірілді. Темір жол аумағынан үлкен адамның қарауынсыз өтулеріне және темір жол маңында ойнауға болмайтындығы туралы айтылды. Темір жол көліктерінен сақтану керек екендігі түсіндірілді.