Ашық тәрбие сағаттарының мақсаты:
Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз отанын сүйетін азамат қалыптастыру, от жүректі өжет мінезді ұл — қыздардың ерлік істеріне мәңгі құрмет көрсетуге баулу. Тәуелсіздік мерекесінің маңыздылығын оқушы бойына ұғындыру.
Тарих бетіне үңілсек:
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда президент қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 32 жыл толды. Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы.
Тәуелсіздік – тартуы ол тәңірдің,
Тәуелсіздік – маңдайдағы бағым бұл.
Тәуелсіздік – сыбағасы халқымның,
Тәуелсіздік – таймайтұғын тағым бұл.
Тәуелсіздік – бабам берген аманат.
Тәуелсіздік келешектің кепілі.
Тәуелсіздік жүрмін сені бағалап,
Тәуелсіздік өткен күннің өтілі.
Тәуелсіздік – тәубе екен бүгінде.
Тәуелсіздік – тәубе сенің барыңа,
Тәуелсіздік әр сәбидің үнінде.
Тәуелсіздік әр қазақтың жанында!