«Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі аясында, Республикалық бірыңғай «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылдау рәсімі өткізіліп, ұйымға 17 білім алушы қабылданды.
Іс-шара барысында мектебіміздің белсенді оқушылары Молдаханова Жамиля және ұланбасы Асқарбек Мейірім салтанатты жиынды жүргізіп, ұйымның мақсат-міндеттері мен ережелерімен таныстырды.
Мемлекеттік ту ортаға шығарылып, әнұран орындалды. Білім алушылардың «Ант» қабылдау сәті ерекше көңіл-күймен өтті. 1 сынып білім алушыларының мойындарына арнайы “Жас Қыран” ұйымының галстугы және төсбелгісі тағылды.
Қорытынды бөлімінде, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Естемисова Гулим Махметжановна сөз алып, оқушыларды ұйымға өтуімен құттықтап, сабақты жақсы оқып, тәрбиелі, ақылды азамат болыңдар деген тілегін жеткізді. Барша жиналған қауымға жылы лебізін білдірді.