"Мектептегі әлімжеттік және оның жауапкершілігі", "Буллингтің алдын-алу" түсіндірме жұмыстары жүргізілді
"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 5-8, 9-11 сынып оқушылары арасында "Мектептегі әлімжеттік және оның жауапкершілігі", "Буллингтің алдын-алу" тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін дамыту, заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Жұмыс барысында оқушыларға денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, әлімжеттік, бопсалау, ауырлатылған бұзақылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды тарату, мүлікті ұрлау немесе қорқытып алғаны үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы түсіндірілді.