"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 1-қыркүйек Білім күні мерекесіне орай 2023-2024 оқу жылының басталуына арналған Мектебім - мейірім мекені! тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. 2023-2024 оқу жылында 1 сынып табалдырығын 17 білім алушы аттады. Мектеп басшысы Сатыбалды Солтыбаев білім алушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Салтанатты жиынға ауылымыздың әкімі, ауылымыздың құрметті қонақтары, ардагер ұстаздар қонақ ретінде шақырылды. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер өлең шумақтарын айтып, өз өнерлерін көрсетті. Алғашқы қоңырауды мектебімізден биыл түлеп ұшатын 11 сынып оқушылары Базаралы Бақытжан мен Молдаханова Жамиля және мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1 сынып оқушылары Қайрат Қанат пен Құрманғазы Кәусар соқты. Жиынның соңы бірыңғай Мектебім — мейірімділік мекені тақырыбында сынып сағаттарына ұласты.
Білім күні құтты болсын! Шәкірттеріміздің болашақтары жарқын болып, әрдайым жеңіс биігінен көрініп, өсіп - өркендей берсін!